Текст
09.06.2026
Мектеп жанындағы лагерьдің жетінші күні қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналды. Балалар халқымыздың маңызды әрі тәрбиелік мәні зор «Тұсау кесу» рәсімімен танысты. Оқушыларға бұл дәстүрдің мағынасы түсіндіріліп, оның балаға ақ жол, сәттілік пен береке тілеуді білдіретіні айтылды. Іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ата-баба дәстүрлерін құрметтеуге бағытталды.